Футзалдан Қазақстан құрамасының форварды португалиялықтарға Чемпиондар лигасында жеуге көмектесті

Тайнан. Сурет: sporting.pt
Қазір португалиялық "Спортинг" сапында ойнайтын "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Тайнан Чемпиондар лиагасы негізгі раундының екінші турында гол салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сербиялық "Экономацқа" қарсы матчте Қазақстан құрамасының ойыншысы есеп ашты, осыдан кейін португалиялық команда тағы 11 гол салып, 12:1 есебімен ұтты. Мұның алдында лиссабондық команда босниялық "Мостарды" жеңді (5:0). Осылайша, "Спортинг" Чемпиондар лигасының элиталық раундына жолдама алды. Негізгі раундтың соңғы ойнында "арыстандар" словениялық "Добовец" командасымен ойнайды.

Айта кетейік, "Спортинг" былтырғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы. Ал биылғы еурокубоктарға екі қазастандық команда қатысуда. "Қайрат" негізгі раундтың екі ойнында да ұтылды, ал рудныйлық "Аят" литвалық "Витисті" ұтып, испаниялық"Барселонадан" ұтылды.
Жаңалықтар