Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуро-2022 турнирінің іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Сурет: ҚФФ
Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2022 турнирінің іріктеу кезеңінде қандай құрамалармен ойнайтыны анықталды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеребе бүгін Ньон қаласында тартылды. Оның қорытындысы бойынша құрамалар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінді. Құрамалар үйде және сырт алаңда ойнайтын болады. Іріктеу кезеңінің ойындары 2020 жылдың қараша және 2021 жылдың сәуір айлары аралығында өтеді. 

Біздің құрама 5 топқа түсті. Қарсыластарымыз Беларусь, Венгрия және Израиль мен Кипр кездесуі арасындағы жеңімпаз құрама болады. 

Топтағы сегіз топ жарған команда мен үздік нәтижеге қол жеткізген алты екінші орын алған құрама Нидерландыда өтетін финалдық кезеңге жолдама алады. Соңғы жолдаманы 2021 жылдың 17 қараша күні екінші орын алған екі құрама өзара сарапқа салады. Финалдық кезең 2022 жылдың 9 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Нидерландыда өтеді. 



Метки:
Жаңалықтар