Төрт ойыншы да қарағандылық футзал мектебінің түлегі. Першин бірнеше жыл "Қайрат" сапында ойнады, ал өткен маусымда "Оқжетпесте" өнер көрсетті. Мадияров пен Черномордов былтырғы студенттер арасындағы әлем чемпионатынан кейін "Ақтөбе" мен "Қайратта" ойнады. Алайда клубтар жас ойыншылармен келісімшартты ұзартпады. Таку Першинмен бірге "Оқжетпесте" өнер көрсетті, ал оған дейін "Тұлпар" мен "Ақтөбеде" ойнады.
Айта кетейік, Erem 2016 жылы құрылды және Қырғызстанның қазіргі чемпионы. Жақында өткен маусым алды турнирде команда Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері "Жетісуды" ұтқан, ал Таку бұл матчта голмен көзге түсті.