Футзалдан Қазақстан құрамасының бірнеше футболшысы Черногорияға қарсы кездесуге қатыспайды

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының бірнеше негізгі ойыншылары 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Черногорияға қарсы кездесуге қатыспайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Алдағы ойынға құрамамызға Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов және Біржан Оразов көмектеспейді. 

"Жанкүйерлер бұл футболшылардың құрамада неге жоқ екенін сұрауда. Біз оларды мұқият бақылап жүрміз. Бұл ойыншыларда жарақат алу қауіпі жоғары. Өйткені биыл көп уақыт өткізбі. Кейбірінде тіпті кішігірім жарақат бар. Дегенмен бізді олардың орнын басатын ойыншылар бар. Сондықтан біз сол футзплшылармен Черногорияға қарсы ойнаймыз", - деді бас бапкер Пауло Рикардо Кака. 

Айта кетейік, Черногория мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу бүгін, 12 қазан күні Подгорица қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады. 

Еске салайық, дәл қазір Қазақстан құрамасы 3 ұпай жинап, бесінші топта бірінші орында тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар