Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері коронавирус жұқтырды. Ол Нидерландыға бармады
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака коронавирус жұқтырды, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. Осыған байланысты ол Қазақстан құрамасымен бірге Нидерландыға бармай, елде қалды.

Коронавирусқа байланысты Нидерландыға Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншылары Арнольд Кнауб пен Дәурен Тұрсағұлов та бара алмаған. Ал Игита болса 18 қаңтар күні, яғни құрамадан кейін барған.
Енді Каканың орнына Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің алғашқы ойынында құрамамызды бапкердің көмекшісі Сергей Коридзе басқарады.
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатындағы алғашқы кездесуін ертең, 20 қаңтар күні Словенияға қарсы өткізеді. Сонымен қатар, топтық кезеңде біздің құрама Финляндия және Италияға қарсы ойнайды.
Жарнама