Футзал
15 желтоқсан 2021 14:01

Футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері "Каспийдің" екі ойыншысын шақыртты

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака ақтаулық "Каспийдің" екі ойыншысы Нұрабек Қабылбаев пен Нұрсұлтан Таңатұлын Өзбекстанмен болатын екінші жолдастық кездесуге шақырды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

25 жастағы Нұрабек Қабылбаев биыл ақпан айынан бері ақтаулық клубтың намысын қорғауда. Қазақстан чемпионатында 6 кездесу өткізіп, 4 гол соқты, ел кубогінде 3 ойынға қатысып, 3 гол соқты.

20 жастағы Нұрсұлтан Таңатұлы биылғы маусымда 9 матчта төбе көрсетіп, 3 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport