Футзалдан Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Сурет: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Литвада өтетін 2021 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды.

Қазақстан турнир қожайыны Литва, Коста-Рика және Венесуэла құрамаларымен бірге А тобында бақ сынайтын болады.

 

Турнир 12-қыркүйек пен 3-қазан аралығында өтеді. Бұл пандемияға байланысты өткен жылдан кейінге қалдырылған әлем чемпионаты. Соңғы әлем чемпионатын Аргентина құрамасының жеңіп алғанын да айта кетейік.

Метки:
Жаңалықтар