Футзалдан Қазақстан құрамасы Украинамен жолдастық кездесу өткізбейді

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындарына өзгеріс енгізілді, деп жазады Aladop.kz порталы. 

Кака шәкірттері Украинамен 2 жолдастық матч өткізуі тиіс еді. Алайда елдегі жағдайға байланысты бұл матч өтпейтін болды.

Футзалдан Еуро-2022 турниріне қатысатын құрам анықталды

19 қаңтар күні жалауын желбірететін Еуропа чемпионатына құрамамыз Алматы - Киев - Амстердам бағытында ұшуы тиіс болған. Енді құрама елордадан ұшып шығатын басқа нұсқа қарастыруда.

Айтпақшы, үйлеріне демалысқа кеткен Игита, Дуглас, Тайнан үшеуі Қазақстан аумағына келе алмай жатыр. Әуежай ашылса, олар бірден елордаға келетін де шығар. Әйтпесе, тікелей Нидерландыға жол тартуы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар