Футзал
22 қараша 2021 12:09

Футзалдан Қазақстан құрамасы Украинамен жолдастық кездесу өткізеді

©ҚФФ

Футзалдан Украина құрамасының бас бапкері Александр Косенко келесі жылы Қазақстанмен жоспарланған жолдастық кездесулер туралы айтты, деп хабарлайды Украина футзал федерациясы.

"18-19 желтоқсанда Бакуде Әзірбайжанмен кездесеміз. Сондай-ақ қаңтар айында Еуропа чемпионаты қарсаңында Қазақстанмен екі қосымша кездесу өткіземіз. Украинаның футзал қауымдастығы жоғары сапалы қарсыластармен жолдастық матчтар өткізуге келісті. Енді бәрі өзімізге байланысты. Біз дайындалып, жақсы ойын көрсетуіміз керек", - деді Украина құрамасының бас бапкері.

Еске салайық, 14 және 15 желтоқсанда Қазақстан құрамасы да Өзбекстанмен жолдастық кездесулер өткізеді. Екі ойын да Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport