Футзал
18 қараша 2021 19:35

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі рет ойнайды

©kff

Екі елдің футбол федерацияларының келісімімен жолдастық матч ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ сайтына сілтеме жасап. Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізеді.

Қос кездесу де Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 14 және 15 желтоқсан күндері өтеді. Ойындар елорда уақытымен 19:00-де басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерланды елінде өтетін Еуро-2022 чемпионатына қатысады. Біздің құраманың В тобындағы қарсыластары - Словения, Италия және Финляндия.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport