Футзалдан Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет ширек финалға шықты

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Тайландты ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Қазақстан құрамасы Тайландқа жауапсыз 7 гол соқты.

Бірінші таймда "Қайрат" командасынан Дәурен Тұрсағұлов (3-минут), Дуглас (14-минут),  сонымен қатар, Чайвата Джамграджанга автогол (19-минут) салды.

Ал екінші таймда отандастарымыз есепті еселеді. Голдардың авторы - Дәурен Нұрғожин (24), Тайнан (24), Арнольд Кнауб (32) және Игита (38).

Ширек финалда қазақстандықтар 24 қыркүйекте бір-біріне қарсы ойнайтын Өзбекстан-Иран жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан Коста-Рика (6: 1) мен Литваны (3: 0) жеңді, сонымен қатар Венесуэламен тең түсті (1: 1). Рикардо Каканың шәкірттері А тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар