Футзалдан Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" көшбасшы ойыншысы ресейлік командаға ауысты

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қайраттың" қорғаушысы Дуглас Жуниор маусымның соңына дейін ресейлік КПРФ командасында жалда ойнайтын болды, деп хабарлайды "Футзал Қазақстан

Ресейлік дереккөздер де Дугластың маусым соңына дейін КПРФ командасында ойнайтынын растады. 

Бұған дейін Чемпиондар лигасынан шығып қалған "Қайрат" командасы бірнеше белді ойыншыларын жалға беретіні туралы ақпарат шыққан еді. Олардың қатарында Савио, Витао және Ранжел секілді ойышылар бар. 

Еске салайық, "Қайрат" Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің топтық айналымында сүрініп, элиталық кезеңге шыға алмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар