auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

Отандастарымыз ширек финалда Сербия құрамасын 3:1 есебімен ұтты.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Люблянада (Словения) өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандастарымыз ширек финалда Сербия құрамасын 3:1 есебімен ұтты.

Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын ұлттық құрама бірінші таймда қарсыластарын 1:0 есебімен ұтып шықты. Қорғана жүріп ойнаған Қазақстан құрамасы қарсыластарын сәт сайын қапы қалдыруға тырысты. Сербтер шабуылда ширақ болғанмен, қазақстандық ойыншылардың жүйелі ойыны жанкүйерлер көңілінен шықты. 7 минутта Дугластың тепкен добын қақпашы Акцентович қайтарып үлгерген. Қайта тепкен Серік Жаманқұловтың добы қақпа торында тулады. Одан кейінгі аралықта командалар қауіпті шабуылдар ұйымдастыра білген. Бірінде қақпа маңдайшасына, бірінде қақпа бағанынан қайтып жатты.



Екінші таймда сербтер таразы басын теңестіруге ұмтылды. Шабуылда ширақ ойнап, Игита қорғаған қақпада доп тулатуға асықты. 23 минутта Тайнан Қазақстан құрамасының ойындағы екінші голын соқты. Әйтсе де ойынның аяқталуына 5 минуттай уақыт қалғанда Сербия құрамасы ойын жүйесін өзгертті. Қақпашының орнына ойыншы шығарып, Қазақстан құрамасының ойыншыларын қыспаққа алуға тырысты. Осындай шабуылдардың бірінде бір гол соғып, есепті қысқартты.

Ойынның соңғы минуттары аса тартысты өтті. Сербия құрамасы таразы басын теңестіру үшін тайлы-тұяғымен шабуылға шықты. Бұл тұста Қазақстан құрамасының қорғанысы мен қақпашы Игитаның шеберлігі айрықша байқалды. Соңғы секундтарда Дуглас қарсыластар қателігін оңтайлы пайдаланып, есепті 3:1-ге жеткізді.



Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Испания мен Украина құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар