Футзал
4 қаңтар 2022 14:10

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты алдында Нұр-Сұлтанда жаттығуын бастады

©ҚФФ

Футзалдан Еуропа чемпионаты алдында Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиындарын бастады. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлады. 

Кеше команда қонақ үйге жайғасты. Ал бүгін, 4-қаңтар күні жаттығуға кірісті. 

Жуық арада Еуропа чемпионатына дайындықты өткізу үшін шақырту алған ойыншылардың тізімі толық белгілі болады. 

Бұған дейін жарақатына байланысты алдағы турнирге Дәурен Нұрғожиннің қатыспайтыны белгілі болған еді. Сонымен қатар, Дәурен Тұрсағұлов та алдағы Еуропа біріншілігіне қатыспауы мүмкін. Ол Чемпиондар лигасы ойыны алдында жарақат алып қалды. 

Еске салайық, 2022 жылғы Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландының Амстердам және Гронингем қалаларында өтуі керек. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасының қарсыластары Италия, Словения және Финляндия болады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport