Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанға қарсы өткен екінші жолдастық матчта айқын жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ташкентте өткен матчта отандастарымыз 5:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапында Альберт Ақбалықов дубль жасады. Азат Валиуллин, Біржан Оразов пен Ақжол Дәрібай бір-бір голдан еншісіне жазды.
Айта кетейік, екі құрама арасындағы бірінші жолдастық кездесуде Өзбекстан құрамасы 2:1 есебімен басым болған еді.