Футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусь ұжымын ірі есеппен ұтты

Сурет: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2022 додасының іріктеу турнирінде Беларусь құрамасын ірі есеппен жеңді,- деп хабарлайды Vesti тілшісі. 

Бүгін, 2-наурыз күні Кака тәлімгерлері Нұр-Сұлтан қаласында Беларусь құрамасын қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы сапында Шыңғыс Есенаманов ('3, '22), Біржан Оразов ('9), Лео ('15) және Лео ('29) гол соқса, қонақтар сапында Крыкун (27) мен Рабыко (30) гол соқты. 

Еске салайық, 5 топқа жайғасқан Қазақстан құрамасы бірінші кездесуін 5-желтоқсан күні Венгрияға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын. 

Ал енді Израильге қарсы екі кездесуді де Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында өткізетін болды. 

Айта кетейік, Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі бірінші рет "үйде" және "сырт" жүйесі бойынша өтіп жатыр. Біріншіліктің финалдық кезеңіне сегіз топтың жеңімпазы мен өз топтарында екінші орын алған алты команда шығады. Ал тағы төрт команда өзара 15 жолдаманы сарапқа салады. 

Футзалдан Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңі Нидерландының Амстердам және Гронингем қалаларында өтеді. 

 

 Сурет: ҚФФ

 

Метки:
Жаңалықтар