Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміндегі орнын сақтап қалды

© "Қайрат" АФК
Қазақстан құрамасы футзалдан жыл сайынғы әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды, - деп хабарлайды "Қайрат" АФК ресми сайты. 

Қазақстан құрамасы 1565 ұпаймен былтырғыдай жетінші орында.

Биыл Қазақстан Хорватиямен екі жолдастық кездесу өткізді, Каспий кубогы мен 2020 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің негізгі раундында ойнады. Бұл іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Румыния, Нидерланды және Албаниямен бір топтан жеңімпаз болып шықты. Осы жетістік арқасында Кака жаттықтыратын команда 2020 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінің элиталық раундына шықты. 

Рейтинг көшбасшысы да былтырдан бері өзгермеген - Бразилия құрамасы. Екінші орында Испания. Үздік үштікте Ресей құрамасы. 

Футзалдан әлем құрамаларының рейтингі:
1. Бразилия - 1839
2. Испания - 1787
3. Ресей - 1654
4. Португалия - 1645
5. Аргентина - 1644
6. Иран - 1603
7. Қазақстан - 1565
8. Италия - 1511
9. Украина - 1459
10. Колумбия - 1454.
Метки:
Жаңалықтар