Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуін жеңіспен бастады

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Пауло Рикардо Кака тәлімгерлері бүгін, 5-топта елордамыз Астана қаласында Словения құрамасын қабылдады. Матч 2:0 есебімен аяқталды. 

Бірінші таймның жетінші минутда Альберт Ақбалықов есеп ашса, ойын аяқталар тұста Дуглас Жуниев екінші голды салды. 

Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін сырт алаңда Черногория құрамасымен кездеседі. Ойын 12 қазан күні болады. 

Ал бірінші кездесуде Черногория құрамасы Словениядан 1:3 есебімен жеңілген. 

Айта кетейік, бұл топтың жеңімпазы бірден Элиталық кезеңге шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии
Жаңалықтар