Футзалдан Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері анықталды

©instagram.com/mfcatyrau_official/

"Атырау" командасы футзалдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қола үшін таласта "Атырау" командасы "Каспиймен" кездесті. Бұл сериядағы төртінші ойында "Атырау" командасы 9:3 есебімен жеңіске жетті. Жалпы серияда "мұнайшылар" 3:1 есебімен үстем түтсі. 

Еске салайық, осыған дейін "Қайрат" командасы финалдық серияда "Аятпен" кездесіп, 19-шы рет Қазақстанның чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар