Футзалдан Қазақстан біріншілігі кейінгі шегерілді

Сурет: afckairat.kz
Қазақстан футзал федерациясы 2019/20 маусымының жалғасатын уақыты тағы да өзгертілгенін айтты. Бұл туралы алматылық "Қайраттың" ресми сайты хабарлады. 

"Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус індетін жұқтырғандар санының артуына және Мәдениет және спорт министрінің жолдаған хатынан кейін ҚФФ футзалдан ел біріншілігін 2020 жылдың 1 тамызында жалғастыруды жөн көрді", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін турнир 3 шілде күні жалғасып, ойындар бір қалада, яғни Нұр-Сұлтанда өтеді делінген болатын. 


Метки:
Жаңалықтар