Футзалдан "Қайраттың" қарсыласы Чемпиондар лигасы финалын өткізу құқынан айырылды
Ресейдің Тюмень қаласы футзалдан Чемпиондар лигасы "Төртеудің финалын" өткізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы.
Ресейдің Тюмень қаласы футзалдан Чемпиондар лигасы "Төртеудің финалын" өткізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы.
Турнир 2022 жылдың 28 сәуірі мен 1 мамыры аралығында өту керек еді.
"Тюмень" футзал командасы Элиталық кезеңде "Қайраттың" қарсыласы болды. Алматылық команда бұл топта үшінші орын алды. Ал ресейлік команда бірінші орынға жайғасса, франциялық "Аньер Вильнев" екінші орынды иеленді. Соңғы орынға беларуссиялық "ВитЭн" тұрақтады.
Айта кетейік, Тюменьде өтетін финалдық кезеңге ресейлік командадан бөлек, португалиялық "Спортинг" пен "Бенфика" және испаниялық "Барселона" қатысуы керек еді. Енді финалдық кезең осы үш команданың бірінің алаңында өтуі мүмкін.
Жарнама