Футзалдан Еуропа чемпионатына Қазақстанның бірнеше белді ойыншысы қатыса алмауы мүмкін

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының бірнеше белді ойыншылары алдағы Еуропа чемпионатына қатыса алмауы мүмкін, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

Бүгінгі таңда құрамамыздың белді ойыншы Леоның жағдайы белгісіз болып тұр. Ол тізесінен алған ауыр жарақатынан кейін емделуде. Оның Еуропа чемпионатына қатысу туралы соңғы шешімді бас бапкер қаңтар айындағы жиыннан кейін шығарады. 

Ал Дәурен Нұрғожин болса Еуропа чемпионатына қатыспайды. Қорғаушы қараша айының басында Италияда ота жасатты. Сондықтан турнирге дейін бабына келіп үлгере алмайды. 

Сонымен қатар, Еуропа біріншілігіне "Қайраттың" тағы бір ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов та қатыспауы мүмкін. Ол Чемпиондар лигасы элиталық кезең ойыны алдында жарақат алып қалды. Оның алдағы жарысқа қатысуы да екіталай. 

Еске салайық, Еуропа чемпионаты 2022 жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Нидерланды елінде өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасының қарсыластары Италия, Словения және Финляндия болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар