Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2022 турниріне қатысатын құрамды жасақтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бас бапкер Рикардо Кака Еуропа чемпионатының алдында 15 ойыншынының тізімін жариялады. Елордадағы оқу-жаттығу жиындары аяқталған соң нақты 14 футзалшы кәрі құрлық біріншілігінде ел намысын қорғамақ.
Қақпашылар: Игита мен Нарун Серіков ("Қайрат"), Рауан Атантаев ("Нұр-Сұлтан");
Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов ("Қайрат"), Жомарт Тоқаев, Ерсұлтан Сағындықов ("Атырау"), Нұрбек Қарағұлов ("Ақтөбе"), Азат Валиуллин ("Аят"), Тайнан ("Эль-Посо", Испания), Лео ("Норильский Никель", Ресей) және Арнольд Кнауб ("Динамо-Самара", Ресей)
Еске салайық, Еуропа чемпионаты Нидерландыда 19 қаңтар мен 6 ақпан күндері өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Словения, Финляндия және Италия командаларымен кездеседі.