Футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребесі қашан тартылады?

©"Қайрат" ШФК

Футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімінің қашан өтетіні және элиталық раунд ойындарының қашан басталатыны белгілі болды.

Элиталық кезеңнің жеребесі 3 қарашада елорда уақытымен 19:00-де басталады. Ал элиталық кезеңнің матчтары осы жылдың 30 қарашасынан 5 желтоқсанға дейін өтеді.

16 клуб төрт топқа төрт командадан бөлінеді. Элиталық раундтың төрт тобының жеңімпаздары 2022 жылдың 28-30 сәуір аралығы немесе 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін финалдық турнирге шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан элиталық кезеңге алматылық "Қайрат" жолдама алды, ал "Атырау" негізгі раундтағы үш кездесуінде де жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар