Футзалдан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан бірінші команда анықталды

©ФИФА

Футзалдан Ресей құрамасы Литва жерінде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің 1/8 финалында Ресей құрамасы Вьетнаммен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде Ресей құрамасы сапынан Робиньо (11-минут) және Иван Чишкала (18 және 30-минут) гол соқса, Вьетнам сапында Дак Нгуйен (19) және Фам Дык Хоа (39) көзге түсті. 

Енді 26 қыркүйек күні өтетін ширек финалда Ресей құрамасы Аргентина мен Парагвай арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. 

Ал бүгін әлем чемпионатының 1/8 финалында Венесуэла мен Марокко құрамасы кездесу өткізеді. Қазақстан болса плей-офф кезеңін ертең бастайды. Қарсылас - Тайланд командасы. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар