Футзалдан әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының екінші матчіне трансляция

©ҚФФ

Бүгін, 18 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші матчін өткізеді. 

Матч Әндіжан қаласында өтеді, басталуы Астана уақытымен 17:30. Qazsport ойынды тікелей көрсетеді, трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Бірінші ойында алаңнан қуылған Дәурен Тұрсағұлов бұл кездесуге қатыспайды. 

Бірінші турда Жаңа Зеландия Ливиядан ұтылды (1:3), ал Испания мен Қазақстан тең түсті (1:1).

D квартетінде жағдай былай: Ливия (3 ұпай), Қазақстан (1), Испания (1), Жаңа Зеландия (0).

Әр топтағы мықты екі команда және үшінші орын алған жалпы төрт команда плей-офф кезеңге өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport