Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстaн құрамасы Өзбекстанға қарсы ойнауы мүмкін

© КФФ

Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпиоанатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл үшін 1/8 ойындарында екі ел құрамасы да жеңіске жету керек. Қазақстан құрамасы А тобында бірінші орын иеленсе, Өзбекстан В тобында екінші болып жайғасты. 

1/8 финал ойындарында Кака жетекшілік ететін құрама C, D немесе Е тобында үшінші орын алған команданың бірімен ойнайды. Бұл С тобынан Марокко немесе Таиланд, D тобынан Чехия немесе Вьетнам, Е тобынан Жапония немесе Парагвай.  

Ал Өзбекстанның қарсыласы F тобынан екінші командасы болады. Бұл қазіргі әлем чепмионы Аргентина немесе Иран. 

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде Қазақстан 6:1 есебімен Коста-Риканы ойсырата жеңіп, кейін Литваны 3:0 есебімен шаң қаптырса, соңғы ойында Венесуэламен 1:1 есебімен тең түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар