Футзалдан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның құрамы анықталды

©ҚФФ

Футзалдан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының ойыншылары белгілі болды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Мәскеуде өткен оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша, соңғы тізімге Нұрсұлтан Пиялы енбей қалды. Жалпы құрамада алматылық "Қайраттың" 8 ойыншысы бар. Ал "Ақтөбе" мен "Атыраудан" 2 ойыншы алынған. Елордалық "Нұр-Сұлтан" ұжымынан бір ойыншы. Сондай-ақ құрамасы сапына ресейлік "Липецка" мен "Ухта" және "Эль-Посо" командаларының ойыншылары шақыртылды. 

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы: 

Қақпашылар:

№1 Рауан Атантаев (22.09.1990, "Нұр-Сұлтан");

№2 Игита (06.06.1986, "Қайрат");

№16 Нарун Сериков (30.09.2001, "Қайрат");

Қорғаушылар:

№5 Дәурен Нұрғожин (21.05.1990, "Қайрат");

№6 Агедиль Мадияров (03.11.1995, "Липецк", Ресей);

№8 Біржан Оразов (17.10.1994, "Қайрат");

№14 Дуглас (15.10.1988, "Қайрат");

№15 Болат Сарбасов (30.10.1997, "Атырау");

Шабуылшылар:

№3 Тайнан (12.02.1993, "Эль-Посо", Испания);

№4 Нұрбек Қарағұлов (14.10.1992, "Ақтөбе");

№7 Азат Валиуллин (05.05.1992, "Ухта", Ресей);

№9 Альберт Акбаликов (05.01.1995, "Қайрат");

№10 Шыңғыс Есенаманов (10.03.1989, "Қайрат");

№11 Арнольд Кнауб (16.01.1995, "Ақтөбе");

№12 Дәурен Тұрсағұлов (16.01.1996, "Қайрат");

№13 Жомарт Тоқаев (10.12.1999, "Атырау").

Бас бапкер: Кака (1977, Бразилия).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар