Футзалдан әлем чемпионаты. Қазақстан мен Коста-Рика кездесуіне тікелей трансляция

©kff.kz

Бүгін, 12 қыркүйек футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кака шәкірттері топтағы алғашқы матчында Коста-Рика командасына қарсы ойнайды. Тартысты ойын елорда уақытымен 21.00 басталады. Ал көрермен қауым бұл кездесуді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Еске салайық, А тобында жарыс қожайыны – Литва құрамасынан бөлек, Қазақстан, Коста-Рика және Венесуэла футзалшылары бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар