Футзалдан ӘЧ-2024 іріктеу кезеңінің кестесі белгілі

©ҚФФ

Футзалдан ӘЧ-2024 іріктеу кезеңінің ойындар кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

"Негізгі раундты қазан айында бастаймыз. Ойындардың нақты өтетін жері және уақыты кейін белгілі болады", - делінген сайтта.

Еске сала кетейік, негізгі іріктеу кезеңі 12 топтан тұрады. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған төрт үздік команда тікелей элиталық кезеңге шығады.

Екінші орын иеленген қалған сегіз команда өтпелі ойындар арқылы тағы төрт жолдаманы сарапқа салады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар