Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) мен Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) бірлескен мәлімдемеде футзал финалының осы күзде өтетінін жария етті, деп хабарлайды Futsalplanet.com сайты.
Қыркүйектің 16 мен 18 аралығында Буэнос-Айресте өтетін турнирге екі құрлықтың екі үздік командасы қатысады. Еуропа намысын Португалия мен Испания құрамалары қорғайды (2022 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері. Еуро-2022 турнирінде күміс жүлде алған Ресей құрамасының орнына Испания қатысады. Оңтүстік Америкадан Америка кубогының 2022 жылғы жеңімпазы Аргентина мен финалисі Парагвай құрамалары шығады.
Futsalplanet хабарына қарағанда, екі құрлықтық қауымдастық алдағы уақытта 2022/2023 маусымынан бастап әйелдер командалары мен клубтар арасында осындай турнирлер өткізуді қарастырып жатыр.
Сонымен қатар, УЕФА мен КОНМЕБОЛ 2023 жылдан бастап бапкер біліктілігін өзара мойындау мәселесін пысықтап жатыр.