Футбол федерациясы фузалдан Қазақстан чемпионаты қайта басталатын уақытты айтты

Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев 2019/20 маусымындағы ел чемпионаты қашан жанданатыны туралы айтып берді.

"Қазақстан ішіндегі чемпионат қана тоқтатылған жоқ, бүкіл әлемде солай. Беларусь қана ойнап жатыр. Ал Қазақстан чемпионаты қанша уақытқа тоқтатылғаны белгісіз. Бізде маусымды жалғастырудың үш жолы болған, бірақ, карантин ұзартылды. Сондықтан тамызға болжап отырмыз. Ол уақытқа дейін бәрі реттелер. Бұл чемпионатты міндетті түрде аяқтаймыз, спортық қағида болу керек, Чемпиондар лигасына кім баратынын анықтауымыз қажет. Алдын ала аяқтау мәселесі қарастырылмайды да", - деп жауап берді Әбілдаев Instagram желісіндегі тікелей эфирде. 
Метки:
Жаңалықтар