ФИФА Қазақстан құрамасы қатысатын футзалдан әлем чемпионатына қатысты шешім шығарды

Сурет: ҚФФ
ФИФА Литвада өтуі керек болған 2020 жылғы футзалдан әлем чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады. Қазақстан құрамасы қатысатын финалдың кезең кейінге шегерілді.

Халықаралық футбол федерациясы 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысты нақты шешімді сәуір соңында хабарлайды. Мұның алдында бірнеше құрама бапкерлері турнирдің шегерілуін қолдаған еді.  

Қазақстан құрамасының бас бапкері футзалдан әлем чемпионатын шегеруді ұсынды

24 елдің құрамасы қатысатын турнир 12 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған. Қазақстандық команда өз тарихында үшінші рет финалдық кезеңге өтті.

Еске салайық, әлем чемпионатында Еуропадан жеті, Азиядан бес, Африкадан үш, Солтүстік және Оңтүстік Америка төрттен және Океаниядан бір команда қатысады. 
Метки:
Жаңалықтар