Футзал
25 қыркүйек 14:32

FIFA футзалдан әлем чемпионатындағы Иран - Франция матчін тексеретін болды

©FIFA

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Франция мен Иран арасындағы даулы матчты тексеретін болды, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

F тобындағы көшбасшылыққа талас ойынды тексеру туралы шағымды Ливия және Парагвай құрамалары берген. Олар Франция мен Иран құрамалары әдейі жеңіске жетпеуге тырысқан деп санайды, себебі жеңіліс екі құраманың плей-офф кезеңінде жеңілірек қарсыластармен ойнауына мүмкіндік беретін еді. 

22 қыркүйекте өткен топтық кезеңнің үшінші турында Иран Францияны 4:1 есебімен жеңіп, екі команда да 1/8 финалға шыққан. 26 қыркүйекте Иран Мароккомен, ал 27 қыркүйекте Франция Тайландпен ойнайды.

ФИФА ресми тергеу жұмыстары аяқталғанша пікір білдіруден бас тартты.

Франция – Иран ойынын жанкүйерлер мен спорт мамандары "нағыз ұят іс болды" деп бағалады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита да бар. Сондай-ақ құрамаға енбей қалған Тайнан да сынға алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Португалиямен ойнайды. Матч 26 қыркүйек күні Әндіжанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport