Еуропа чемпионатының алғашқы ойыны сенсациямен аяқтала жаздады

©Uefa

Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионаты сенсациямен аяқтала жаздады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің алғашқы матчында Португалия мен Сербия футзалшылары кездесті. Алғашқы минуттардан бастап бапкер нұсқауын дәл орындаған сербтер екінші минутта есеп ашты. Артынша есепті 2:0 дейін жеткізе алды. Дегенмен "пиренейліктер" үзіліске дейін таразы басын (2:2) теңестіре алды.

Екінші таймда Португалия құрамасы тағы екі рет гол соғып 4:2 есебін тіркеді. Осылайша, Еуропа және әлем чемпионы кәрі құрлықтың басты додасын жеңіспен бастады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігіндегі алғашқы ойынын бүгін, 20 қаңтар күні өткізеді. Жерлестеріміздің қарсыласы Словения командасы болмақ.

Қазақстан футзалшылары Словения құрамасынан бөлек, Италия мен Финляндия ойыншыларымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар