Футзал
8 қараша 2021 23:28

Еуропа чемпионатының алдында футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

©ҚФФ

Алматық "Қайрат" футзал клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дәурен Нұрғожинға Италияның "Вилла Стюарт" емханасында ота жасалды. Ол жамбасына операция жасатты, деп жазады клубтың ресми сайты. 

Ота сәтті өткен. Қазір қорғаушының жағдайы жақсы. Дегенмен ол енді қатарға тек төрт айдан кейін ғана оралады. Бұл дегеніміз Нұрғожин Қазақстан құрамасымен Еуропа чемпионатында ойнай алмайды деген сөз. 

Еске салайық, Еуропа чемпионаты 2022 жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Амстердам мен Гронингем (Нидерланды) қалаларында өтеді. 

Қазақстан құрамасы В тобында Италия, Словения және Финляндия құрамаларымен бірге ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport