Еуропа чемпионатындағы Ұлттық құраманың барлық кездесулерін Қазақстанда тікелей эфирде көрсетеді

©ҚФФ

Qazsport телеарнасы тікелей эфирде Нидерланды жерінде өтетін Еуропа чемпионатындағы Қазақстан құрамасының барлық кездесулерін көрсетеді, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Еуро-2022 турнирі 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам мен Гронингем қалаларында өтеді. Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Италия, Словения және Финляндия құрамаларына қарсы ойнайды. 

Ойындар кестесі:

20 қаңтар

22:30. Қазақстан - Словения

25 қаңтар

01:30. Финляндия - Қазақстан

28 қаңтар

22:30. Қазақстан - Италия

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар