Футзалдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лео ауыр жарақат алып, Еуро-2022 турниріне қатыспайды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Қатты тиген доптың салдарынан қорғаушының оң білегі сынған. Жарақаттан толық айығу үшін 6-8 апта қажет. Оның орнына енді Қазақстан құрамасына "Атыраудың" ойыншысы Ерсұлтан Сағындықов шақырту алды.
Еске салайық, бүгін, 20 қаңтар күні Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін өткізеді. Бірінші қарсыласымыз Словения құрамасы. Ойын 22:30-да басталып, тікелей эфирде көрсетіледі.