Еуропа чемпионаты алдында Футзалдан Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды

©ҚФФ

Нидерланды жерінде өтетін Евро-2022 турнирі алдында Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

Коронавирусты Дәурен Тұрсағұлов, Арнаольд Кнауб және Нұрбек Қарағұлов жұқтырып алған. Алғашқы екеуі Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншылары. Барлық ойыншылар елордада қалып, қайта тест тапсырады. Егер ол тесттерден коронавирус белгілері анықталмаса үшеуіде Гронингемге аттанып, құрамаға қосылады. 

Еске салайық, Еуропа чемпионаты Нидерландыда 19 қаңтар мен 6 ақпан күндері өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Словения, Финляндия және Италия командаларымен кездеседі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар