Еуро-2022: Ресей құрамасы Хорватияны ұтты

©wrestlingua

Ресей құрамасы Еуропа чемпионатында қатарынан екінші ойында жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Солтүстіктегі көршілеміріз С тобында Хорватиямен кездесіп, 4:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Ресейде 6, Хорватияда 3 ұпай бар. Ал Польша мен Словакия Нидерландыдағы футзал тойында үшінші тур аясында кездесіп, алғашқы ұпайларын еншілейтін болады.

Еске салайық, Қазақстан футзалшылары да екі матчан кейін В тобының көшін бастап тұр. Кака жігіттері бірінші ойында Словениямен (4:4) тең түссе, артынша Финляндияны (6:2) есебімен тізе бүктірген еді. Енді жерлестеріміз келесі ойынын 28 қаңтарда Италияға қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар