Еуро-2022. Ресей құрамасы финалға шықты

©rfs

Футзалдан Ресей құрамасы Украина командасын ұтып, Еуропа чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Нидерланды астанасы Амстердамда өткен кәрі құрлықтың алғашқы жартылай финалында ресейліктер 3:2 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар командасының сапында Антон Соколов (2-минут), Андрей Афанасьев (15) және Артем Ниязов (31) гол соқса, украиндар тарапынан Евгений Серый (16) және Даниил Абакшин (35) ерекшеленді.

Матч барысында Украина құрамасында таразы басын теңестіретін мүмкіндік болды. Алайда ресейлік қақпашы Дмитрий Путилов украиналық Петр Шотурманың пенальтиін қайтарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар