Еуро-2022. Испания құрамында алты бразилиялық бар Әзірбайжанды ұта алмады

©УЕФА

Футзалдан Әзірбайжан құрамасы Еуропа чемпионатында Испания ойыншыларымен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

D тобында Әзірбайжан мен Испания құрамалары турнирдегі екінші матчтарын өткізді. Кездесу алдында испаниялықтардың фаворит болғаны мәлім. Оның үстіне Жозе Алесио жігіттері Грузиядан 3:2 есебімен ұтылған болатын.

Алайда тартысқа толы матч 2:2 есебімен аяқталды. Осылайша, екі турдан кейін Грузия 6, Испания 4, Әзірбайжан 1, Босния және Герцеговина 0 ұпай еншіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар