"Естігім де келмейді". Кака Еуро-2023 алдында эмоцияға тола мәлімдеме жасады

©ҚФФ

"Қайраттың" бас бапкері Пауло Рикардо Кака футзалдан Қазақстан құрамасын (U-19) Еуро-2023 іріктеуіне апарады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақстан ол жарысқа тек қатысу үшін барады дегенді естігім де келмейді. Біз сонша жаттығып, үйдің бетін көрмей, ондаған сағаттар әуежайда өткізіп, осының бәрін жәй қатысу үшін істейміз бе?

Жоқ, біз жеңіс үшін аттанамыз, ал Молдовада не болатыны бұл басқа әңгіме. 

Егер бірдеңе ойдағыдай болмай жатса, жарыс барысында өзгертеміз, түзейміз. Тіпті қара басып, ұтылып жатсақ, сараптама жүргіземіз", - деп береді маманның сөзін bookmakerreview.kz

Еске салайық, іріктеу матчтері наурыздың 22 мен 25 аралығы өтеді. Қазақстан Молдова, Польша және Словениямен ойнайды. Бұл топта жеңіп шыққан команда Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар