Чемпиондар лигасына қатысушыны ұтқан "Жетісу" футзалдан Қазақстан кубогының финалына шықты

© "Жетісу" МФК
Талдықорғандық "Жетісу" футзалдан Қазақастан кубогының бірінші финалисті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалдағы екі матчте де талдықорғандықтар биыл Чемпиондар лигасына қатысқан "Аятты" ұтты. Рудныйдағы бірінші кездесуде "Жетісу" 2:1, ал Алматыда - 4:3 есебімен ұтты. Батон дубль жасады, ал Эвертон мен Арман Қаражанов бір голдан салды. 

Бүгін, 13 желтоқсанда Қазақстан астанасының уақытымен 19:00-де "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы екінші матч өтеді. Осы кездесудің жеңімпазы "Жетісумен" финалда ойнайды.  28 қарашада өткен бірінші ойында алматылықтар 4:3 есбімен ұтқан. 
Метки:
Жаңалықтар