Футзал
3 желтоқсан 2021 20:41

"Біз өте мықты командамен кездестік". "Қайраттың" бапкері франциялық командамен матч жайлы

©"Қайрат" ШФК

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рикардо Кака Чемпиондар лигасының элиталық раундында "Аньер-Вильневпен" болған ойынға (3:3) қатысты пікір білдірді.

- Біз өте мықты командамен кездестік. Бірінші ойын бізге де, оларға да қиын болды. Өйткені ішкі біріншілікте бәсекелестік жоқ. Бүгін қос команда да жақсы өнер көрсетті. Бірінші таймда қарсыластар тамаша ойнады, ал екінші таймда біз тактикалық тұрғыдан жақсырақ ойнай бастадық. Нәтиже заңды деп ойлаймын. Бүгінгі матчта жеңіске жетеміз деп үміттенген екі жақсы команда ойнады.

- Екінші таймда командаңыз допты қарсыласына бере салды. Бұл арнайы ойластырылған дүние ме?

- Иә. Олардың өте шебер, епті екенін сездік. Біз оларға қорғаныс шебінде бос кеңістік бергіміз келмеді. Бұл біздің қолымыздан келді. Олар позициялық шабуылдармен қауіпті мүмкіндіктер жасай алмады. Қарсы шабуылдан да, позициялық шабуылдан да гол соқтық. Жалпы, бұл дұрыс шешім болды.

- Жігіттер екінші таймның ортасына дейін-ақ бес рет ереже бұзып қойды. Бұл ойынға қалай әсер етті?

- Қатты әсер еткен жоқ. Біз қорғаныста ойнап, оларға қатты жақындамауға тырыстық. Әрине, сізде бес фол болған кезде және мүлдем қателесуге болмайтын сәтте, бұл өте қиынға соғады. Менің ойымша, команда мұны жасай алды. Біз өте тәртіпті ойнадық.

- Сізге кешегі ойын ұнады ма әлде бүгінгі ме?

- Бүгінгі ойын жақсы өтті деп ойлаймын. Екінші таймда мен өте тәртіпті ойнаған команданы көрдім. Бұл алға екі қадам жасау үшін бір қадам артқа кете алатын команда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport