Бүгін, 24 қарашада "Семей" футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчта украиналық "Атлетик" командасымен сырт алаңда кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын Молдованың Кишинев қаласында өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіліп, эфир 21:50-де басталады.
Қарымта матч 5 желтоқсанда Семей қаласында өтеді.
Негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне қатысатын барлық команда анықталды. Енді 16 команда чемпиондық атақ үшін күресті жалғастырады. 1/8 және 1/4 финал кезеңдеріндегі матчтар екі ойыннан тұрады.
Турнирдің шешуші кездесулері 2027 жылғы 7 және 9 мамырда Швейцариядағы "Биль/Бьен" аренасында өтеді. Бұл жерде жарыстың финалдық кезеңі ұйымдастырылады.