Біржан Оразов футзалдан Еуро-2022 турнирінің үздік бомбардирі атанды

©instagram.com/kazfutsal/

Қазақстандық Біржан Оразов Нидерландыда өткен футзалдан Еуро-2022 турнирінің үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы жарыста жеті гол салып, екі нәтижелі пас берді. Команда турнирде тек төрт матч өткізіп, Украинадан ұтылған болатын. 

Бірден үш ресейлік бес голдан салды - Артем Антошкин (бес ассист), Иван Чишкала (бір ассист) және Антон Соколов.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар