Бразилияда Қазақстан құрамасының футзалшысына ота жасалды

Сурет: time.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен "Норильский Никель" командасының ойыншысы Леоға операция жасалды. Бұл туралы футзалшының өзі Instagram парақшасында жазды. 

Футзалшыға операция Бразилияда жасалған. Леоның айтуынша, ота сәтті жасалыпты. 

Еске салайық, бұған Futsalkazakhstan Леоның тізесінен ауыр жарақат алғанын хабарлаған болатын. Мұндай ауыр жарақаттан кейін спортшы қатарға кем дегенде 4-6 айдан кейін қосылады. 

Метки:
Жаңалықтар