Бразилия құрамасы қола жүлдеге үмітті. Бірақ...

©kff.kz

Футзалдан Бразилия құрамасының ойнышысы Феррао әлем чемпионатының үшінші орны үшін өтетін ойын алдында сұхбат берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бразилия құрамасы әрдайым жоғары орындарды иелену керек. Алайда қазіргі таңда біздің басты мақсатымыз – әлем чемпионатының қола жүлдесі. Осы нәтижені тіркеу үшін біз паркетте бар күш-жігерімізді саламыз.

- Аргентинамен өткен жартылай финалдық матч жайлы айта кетсеңіз...

Бұл ойын біз үшін ауыр соққы болды. Команданың барлық персоналы әлем біріншілігінің финалы жайлы армандаған. Өкінішке қарай бұл жолы қолымыздан келмеді. Ең болмағанда соңғы кездесуде жеңіске жетіп, қола медальмен үйге оралсақ деген ойымыз бар, - дейді Феррао.

Еске салайық, бүгін Қазақстан мен Бразилия командалары Литвадағы әлем чемпионатының үшінші орнына таласады. Әрине, Бразилия футзалшылары турнирдің қола жүлдесінен үмітті. Бірақ бүгінгі қарсыластарымыз Кака шәкірттерінің де әлемдегі мықты ұжымдардың бірі екендігін ұмытпағаны жөн. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар