"Бәйтерек" футзал клубы жаңа ойыншылармен толығуын жалғастыруда. Осыдан бірнеше күн бұрын оралдық команда сапына Иран жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Хамид Реза Раханджам келген болатын.
Bookmakerreview.kz сайтына белгілі болғандай, батыс қазақстандық ұжым сапына оның отандасы – Пейман Хафизи келіп қосылды.
Хафизи Иран ұлттық құрамасы сапында ойнаған: өз елінің бас командасында ол 2016 жылдан бастап ойнаған және екі жыл бойы шақырту алып отырған. Пейман 2020/21 жылғы маусымды екі бірдей клубта – ирактық "Аль‑Шорта" және ирандық "Гоар‑Замин Сирджан" командаларында өткізді. Аталған ұжымдарда жалпы саны 17 матчқа қатысып 25 мәрте мергендігімен танылған.